Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалімнің жобасы арқасында ауылдардағы балалар ағылшын тілі мен бағдарламалауды тегін үйренді

мектеп, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2022 13:55 Сурет: Zakon.kz
Жас педагог белсенді оқушыларымен бірге «Talimger» және IT-club ерікті жобаларын қолға алды. Осының арқасында еліміздің әр өңірінен 2 мың бала ағылшын тілі мен бағдарламалау бойынша тегін курстардан өтуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біржан Әуезов – педагог. Жас ұстаз университетті тәмамдағаннан кейін бірден Шығыс Қазақстан облысындағы лицейлердің біріне жұмысқа орналасқан. Бүгінде ол белсенді оқушыларымен бірге «Talimger» және IT-club ерікті жобаларын қолға алған. Осының арқасында еліміздің әр өңірінен 2 мың бала ағылшын тілі мен бағдарламалау бойынша тегін курстардан өтуге мүмкіндік алды.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, жобаның құрамында кеңесші ретінде 60-қа жуық бала тіркелген. Олардың барлығы – облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған 10-11 сынып оқушылары. Бұл жобамен оқушылар тек сабақтан бос уақытында ғана айналысады.

Лицейге жұмысқа орналаса салысымен шәкірттеріме серіктес ретінде қарай бастадым. Оқушылармен бірге бірнеше олимпиадалар мен жарыстардан өткеннен кейін, «олар да ауылда тұратын балалармен өз білімдерін бөлісе алады» деген шешімге келдік. Алайда, кейінірек бұл жоба қала оқушыларының арасында да танымал болды. Бүгінгі таңда жоба тәуелсіз жұмыс істеп келеді. Мен тек жұмыс уақытында аяқталуы үшін оқушылардың іс-әрекетін қадағалаймын және жобаны одан әрі дамытуға кеңес беремін. Бүгінге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық бала ағылшын тілі, математика және бағдарламалау бойынша қысқа мерзімді тегін online/offline курстарынан өтті. Оқушылардың көпшілігі 7-11 сынып оқушылары. IT-club-қа келетін болсақ, бүгінгі таңда бірінші топ үш айға созылған Python тегін курстарын аяқтады, – дейді Біржан Әуезов.

Біржан Әуезов қала оқушылары арасында алғашқы хакатонды өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар басталып та кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: