Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 250-ден астам сынақ ҰБТ нәтижесі жойылды

ҰБТ, тестілеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 10:58 Сурет: Zakon.kz
Мектеп оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) оңай тапсыру үшін түрлі қулыққа барады. Наурыздағы ҰБТ кезінде ереже бұзғаны үшін 259 адам аудиториядан шығарылды. Олардың қорытындысы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоғыз адам тестілеу сұрақтарын ашық түрде суретке түсіріп, телеграм каналдарында таратқан. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Тестілеуді оңай тапсыру үшін кейбір тестіленушілер әртүрлі қулыққа баруға дайын. Бірақ біздің жүйені ешкім алдай алмайды. Наурызда өткен ҰБТ-да тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 259 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Бұл мәселені 2 ай бойы толығымен зерттеп, қызметтік тексеріс жүргіздік. Себебі сұрақ көп. Мысалы, тест тапсырмалары қалай тарады, камералар неге ешнәрсе түсірмеген, бақылаушылар қайда қараған және тағы басқа. Ішкі тексерістің нәтижесінде 9 тестіленушінің нәтижесі жойылып, 3 қызметші жұмыстан босатылды. Іс құзыретті органдарға жіберілді.Руслан Емелбаев

Ұлттық тестілеу орталығының директорының WhatsApp-тағы нөміріне кейбір ереже бұзушылық туралы ақпаратты тестіленушілердің өздері хабарлап отырады екен.

Руслан Емелбаев енді мұндай жағдай қайталанбайды деп сенеді. Енді әр қатысушының жеке тест нұсқасы болады. Сонымен қатар егер тест тапсырушы бірінші мүмкіндігінде тыйым салынған затпен кіруге талпынса немесе тестілеуде ұсталатын болса, онда ол екінші мүмкіндігін қолдана алмайды. Ал дәл осы жағдай екінші мүмкіндікте орын алса, онда бірінші мүмкіндігінің нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатыса алмайды, яғни екі мүмкіндікті пайдаланудың да өзінің ережесі бар.

Негізгі ҰБТ-ның алдында «тестілеуді тапсыруға көмектесеміз» дейтін алаяқтар көбейіп кететіні бар. Алаяқтарға сенбеңіздер, біздің жүйені алдау мүмкін емес екенін тағы да ескертемін. Тестіленушілерді ереже бұзушылардың іс-әрекетін қайталамауға шақырамын. Тәуекелге бармай, тестілеуді әділ тапсыруға кеңес беремін.Руслан Емелбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: