«Үмітті ақтадыңыздар»: Қазақстан оқушылары дүниежүзілік гимназиядада үздік үштікке енді

Қазақстан оқушылары гимназиядада, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2022 13:12 Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Қазақстандық мектеп оқушылары дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында.

Оқушылар таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, әйелдер күресі және регби сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды құттықтап, үміт ақталғанын жеткізді.

Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайық дәрежеде қорғап, жоғары нәтиже көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты. Оқушыларымызды әлемдік олимпиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтаймын. Әрине, бұл жүлделер – дайындықтың, табандылықтың, еңбектің, тәртіп пен талпыныстың жемісі. Әуежайда сіздерге үлкен үміт артып, шығарып салған едік. Сіздер оны ақтай білдіңіздер. Ұстаздарыңызға, жаттықтырушыларыңыз бен ата-аналарыңызға алғыс айтамын.Асхат Аймағамбетов

Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берді. Оқушылар арасындағы Дүниежүзілік спорттық олимпиада Францияның Нормандия қаласында өткен еді.

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында зияткерлік және спорттық олимпиадаларды дамыту жұмысын жалғастыратынын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: