Аймағамбетов мектептегі дәретхана мен асхана туралы: жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек
Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кей мектеп директорларының жұмысына деген көзқарасына наразы болды. Министрдің айтуынша, директорлар мектептегі дәретхана мен асхананың жай-күйі туралы ақпаратты жасырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәретханалар мен мектеп асханаларындағы жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізге ақпарат жеткіліксіз. Хабарламаларға сай, кей мектеп директорлары мұндай ақпаратты бізге жеткізгендерді жазалайды. Егер мұндай фактілер расталса, онда мектеп директорларына ғана емес, білім басқармаларының басшыларына да қатысты қатаң шаралар қабылдаймыз.ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов
Бөлім басшысы әріптестерінен ақпаратты жасырмауды сұрады. Керісінше мектеп дәретханасы мен асханасына шағым мүмкіндігінше аз түсуі үшін мәселелерді шешуге талпынуды өтінді.
Ештеңені жасырудың қажеті жоқ. Асханалар мен дәретханаларға қатысты шағым болса, ешкімді жазаламаймыз. Тек осындай жағдайдың бар екенін білуіміз керек, бұл маңызды. Бұл үшін ешкімді жазалаудың қажеті жоқ. Кемшіліктерді жоюға уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында жағдайды дұрыстасаңыз, ешқандай шаралар қабылданбайды. Ал егер жағдай алты ай немесе бір жылда реттелмесе, онда басқаша көзқарас болады.Асхат Аймағамбетов
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі мектеп асханаларындағы бағаның көтерілгені туралы айтқан еді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп мәзірін оқу жылы басталғанға дейін денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қайта қарау қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript