Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл бакалаврға 73 мыңнан астам грант бөлінді

оқу, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2022 12:00 Сурет: unsplash
Бакалавриатқа түсу үшін 2022-2023 оқу жылында 73 мыңнан астам грант бөлінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны – 17 794 грант.

  • Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 10 810 грант,

  • «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 9 103 грант,

  • «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына– 6 288 грант тиесілі.

Осылайша техникалық бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыстың үлесі 60%-ға дейін ұлғайды, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарына, кемінде 50 балмен басқа жоғары оқу орындарына түсе алады. Бұл ретте «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» білім беру салалары бойынша шекті балл кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл болуы керек.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады.

Алыс аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады. Оқуға түсушілер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: