Жаңалықтар тізбегі
0

Магистратура бойынша білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

оқу, білім, кітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2022 17:09 Сурет: pixabay
2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің, мемлекеттік органдардың, білім беру саласындағы кәсіподақтардың, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның Азаматтық альянсының және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік гранттар тағайындалды.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.

Магистратураға білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда үміткерлер саны 7 мыңға артып, тестілеуге 43 мыңнан астам адам қатысты.

Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағытқа түсу үшін 75-тен жоғары, бейіндік бағыт бойынша 50-ден жоғары балл жинаған талапкерлер қатысты. Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Ең танымал «Педагогика ғылымдары», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Бизнес, менеджмент және құқық» сияқты салалар болды. Оқуға түсу үшін грант иегерлері 28 тамызға дейін құжаттарын жоғары оқу орындарына тапсыруға тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: