Оқушылар қарағайды заңсыз отатқан мектеп директорын жұмыстан босатуды талап етті
Сурет: pixabay
№ 8 мектептің бұрынғы оқушыларының желіде білім ордасының директоры Жанар Жақыпбекованы 16 түп Қырым қарағайын негізсіз кестірді деп айыптаған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мектеп директорын жұмыстан босатуды талап етеміз! Текелі қаласының №8 ОМ жанындағы қарағайдың жабайы түрде жойылуы Facebook пен Instagram қолданушыларын бей-жай қалдыра алмады, делінген хабарламада.
Белсенділер Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігінен өңір үшін сирек кездесетін жасыл желектерді кесу бойынша заңсыз істі өз бақылауларына алуды сұрап, көмекке жүгінді.
Ағаштар балаларға қауіп төндіретінін көзбен қалай анықтауға болады? Директордың логикасы бойынша, қаладағы барлық ағашты отап тасталық, өйткені олар балалар үшін қауіпті-мыс. Текелі қаласының №8 орта мектебінің 9-сынып оқушысы және түлегі ретінде директорды жұмыстан босату керек деп санаймын, өйткені ол біздің мектебімізге орны толмас зиян келтірді, сонымен қатар білім беру саласында басқа да заңсыз әрекеттерді жасауға қабілетті. Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігінен директордың мұғалім ретіндегі кәсіби жарамдылығы туралы мәселені көтеруді сұраймын: егер ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қасақана бұзса және қоршаған ортаға ұқыпты қарамаса, балаларға не үйретіп, қандай үлгі бере алады, делінген шағым-арызда.
Оқу орнының дирекциясы түсіндіріп өткендей, ағаштардың қатты жел тұрса, құлау қаупі бар, сонымен қатар сыныптар терезесін көлегейлеп, ішке жарық пен жылудың түсуіне кедергі. Ағаштарды кесу ата-аналармен және қамқоршылық кеңеспен келісіле отырып, шешілген.
Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі бұл оқиға өз назарларына іліккенін жеткізді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық резонансты ескере отырып, тергеу ерекше бақылауға алынады.
Мектеп директорының іс-әрекеті әкімдіктегі қоғамдық кеңес отырысында қаралып, олардың заңсыздығы расталды. Текелі қаласының полициясы ҚР ҚК 340-бабы, яғни "Ағаштарды заңсыз кесу, жою" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Келтірілген материалдық шығын 1 млн 715 мың 280 теңгені құрады, – деді Жетісу облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы АПҚ аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript