Атырауда діни мерекені тойлап, от жаққан мектептің директорына қатаң сөгіс берілді

Әлеуметтік желіде Атыраудағы №8 қалалық мектептің оқушылары мен мұғалімдері "Масленица" мерекесін атап өту үшін білім ордасы ауласында от жаққанын сипаттайтын видео жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігін діни-шараның өзі емес, мектеп ауласында оттың жағылуы ашу туғызған, деп жазады Ақ Жайық басылымы.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram-дағы тікелей эфир кезінде осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.
"Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді". Жасұлан Бисембиев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript