Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңімпазына ЖОО гранты берілетін халықаралық олимпиада мен жарыстардың тізімі бекітілді

студенттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 12:58 Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі бұйрығымен халықаралық олимпиадалар мен орындаушылар байқауларының, спорттық жарыстардың тізбесі бекітілді. Оған сай кейінгі үш жылдағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жоғары оқу орнында білім беру гранты есептеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен олимпиадалар тізіміне мыналар кіреді:

  • Халықаралық математикалық олимпиада.

  • Халықаралық физика олимпиадасы.

  • Халықаралық химия олимпиадасы.

  • Халықаралық биология олимпиадасы

  • Халықаралық география олимпиадасы.

  • Информатикадан халықаралық олимпиада.

  • Халықаралық лингвистикалық олимпиада.

Халықаралық спорттық жарыстардың тізімі

  • Олимпиада ойындары

  • Паралимпиада ойындары

  • Сурдлимпиада

  • Жасөспірімдер олимпиадасы

  • Олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттары

  • Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназия.

Орындаушылардың халықаралық байқаулары

  • Петр Чайковский атындағы халықаралық жастар байқауы (Мәскеу, Ресей Федерациясы);

  • Вокалист жастардың халықаралық байқауы (Мәскеу, Ресей Федерациясы);

  • Екатерина Максимова атындағы «Арабеск» балет әртістерінің ашық ресейлік байқауы (Ресей Федерациясы, Пермь);

  • Федерацияның халықаралық жарыстары мен Дүниежүзілік би кеңесінің, Дүниежүзілік би спорты федерациясының турнирлері, Халықаралық би спорты одағының Әлем кубогының және әлем чемпионатының кезеңдері;

  • «Витебсктегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі (Беларусь Республикасы);

  • Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалшылар байқауы (Алматы, Қазақстан).

Сонымен қатар құжат осы тізім бойынша іріктеу критерийлерін белгілейді. Бұйрық 2022 жылғы 5 тамыздан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: