Халықаралық олимпиадада Қазақстан оқушылары екі медаль жеңіп алып, рекорд жаңартты
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстанның халықаралық олимпиадалардағы жеңістері өз жалғасын тауып жатыр. Оқушыларымыз лингвистикадан халықаралық олимпиадада алғаш рет бірден 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бұған дейін команданың ең үздік нәтижесі 1 қола медаль болған болса, осы жолы Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина өткен жылдардың рекордтарын жаңартты.
Құрметті Аида, Дарья! Сіздер әлемдегі дарынды оқушыларға арналған ең күрделі зияткерлік олимпиадалардың бірінде жоғары марапаттарға ие болдыңыздер. Былтыр ел қоржынына қола жүлде әкелген Дарьямен кездесіп, құттықтағанымыз есімде. Бойларыңыздағы эрудиция, ақыл-парасат, табандылық және қажырлы еңбектеріңіз жаңа жеңістерге жетелей берсін! Ұстаздарыңызға кәсіби шеберліктері және ата-аналарыңызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов
Мэн аралында өткен зияткерлік сайысқа әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысты.
Бірінші бөлімде оқушылар мынадай тілдерде бес тапсырма орындады: убых, чам, нцъу, арабана, алабама.
Екінші бөлім маньчжур тіліне арналды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript