Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал тобындағы талапкерлерге оқу ақысы төленеді

Нұр-Сұлтан, талапкерлер Сурет: gov.kz
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында қаладағы жоғары оқу орындарына түсетін халықтың әлеуметтік осал топтарындағы талапкерлердің білім алуына әлеуметтік көмек қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімнің айтуынша, әкімдік жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1300-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отыр. Одан бөлек әлеуметтік көмек бойынша жеке бағдарлама қарастырылған.

Аталған әлеуметтік көмек жағдайы төмен отбасылардан шыққан талапкерлердің қала университеттерінде білім алуы үшін оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетеміз, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Бұл бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау 21 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек мына талапкерлер арасында беріледі:

  • жетім балалар,

  • балалар үйінің түлектері,

  • бала күнінен мүгедектігі бар,

  • көпбалалы отбасылардан шыққан балалар және тағы басқа.

Білім алу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі:

  • биотехнология,

  • есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,

  • геодезия және картография (web-картография),

  • сәулет (BIM-менеджер жобалаушы),

  • мектепке дейінгі оқыту,

  • жерге орналастыру-агроинженерия,

  • инженер,

  • жалпы медицина,

  • педагогика,

  • IT маманы,

  • әлеуметтік жұмыс,

  • жылу энергетикасы,

  • азық-түлік өнімдерінің технологиясы,

  • электр энергетикасы және тағы басқа.

Қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек алу үшін қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (Бейбітшілік көшесі, 9) хабарласу керек немесе құжаттарды электронды түрде https://egov.kz веб-порталындағы «электрондық өтініш» бөлімі арқылы тапсыру қажет.

Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесі үшін 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен (190 088 теңге) аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде ақшалай төлем түрінде тағайындалады. Толық ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан оқуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: