Алматыда мектеп формасы үшін кімдер көмек ала алады
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға «Жалпыға міндетті оқу» қоры аясында көмек көрсетіледі. Мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға Алматыда жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда «Жалпыға міндетті оқу» қорынан бір балаға 43 мың теңге бөлінеді. Кеңсе тауарлары мен киім-кешектер үшін 20 мың оқушыға ақша беріледі. Тізім бір оқу жылында бір рет жасалады – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
«Жалпыға міндетті оқу» қорынан көмек алатындар:
атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардан шыққан балалар;
АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
төтенше жағдайда қалған оқушылар;
білім беру ұйымындағы алқалы органының шешімімен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript