Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласының оқушылары 1 қыркүйектен бастап жаңаша оқиды

Алматы, мектеп, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2022 19:20 Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай 1 қыркүйектен бастап алматылық оқушыларды күтіп тұрған жаңалықтарды мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2022/23 оқу жылында 1-4-сыныпқа дейін оқитын барлық алматылық оқушы мектеп асханаларында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты, жаңалық мұнымен бітпейді.

Мектеп формасы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 49-бабында бірыңғай мектеп формасын енгізу көрсетілген.

Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Мектеп формасының үлгісі мен түсі классикалық стильде болуы керек. Өздеріңіз білесіздер, Алматы қаласында көк түсті мектеп формасы белгіленген. Айдын Сайлаубай

Жаңа оқу жылының жаңалықтары

Білім министрлігінің бұйрығымен 2022/23 оқу жылы 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады, осылайша қаладағы барлық мектептер 5 күндік оқуға көшеді.

Айдын Сайлаубай министрліктің басқа да бұйрықтары Алматыда қалай орындалатынын айтты:

  • қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады, орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап енгізіледі;

  • орыс тілінде оқытатын мектептерде «Букварь», «Обучение грамоте» және «Қазақ тілі» оқытылады, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап енгізіледі;

  • бірінші сыныптарда көркем еңбек «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» деген екі пәнге бөлінеді;

  • спорт залдарының шамадан тыс толуына және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биылғы оқу жылынан бастап дене шынықтыру сабақтарында сынып екіге бөлінбейді.

    Мектеп автобустары

    Сайлаубай биыл мектеп автобустарының пилоттық жобасы іске қосылатынын айтты.

    Алматыны 2030 жылға дейін дамыту жоспарына сәйкес тетіктерді әзірледік. Қазіргі уақытта мектеп автобустарының нұсқалары осы жыл ішінде және одан кейінгі кезеңде пилоттық түрде іске қосылады. Айдын Сайлаубай

    Оқулықтар

    Оқулықтар мен көркем әдебиеттерді сатып алуға 3 млрд 263 млн 457 мың теңге бөлінді. Биыл екінші сынып оқушылары жаңа оқулықтар алады. 25 тамызға дейін 1-11 сынып оқушылары 100 пайыз тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

    Сонымен қатар жаңа оқу жылында 300 млн теңгеге көркем әдебиет пен 37,11 млн теңгеге интеллектуалдық дамуында ауытқулары бар арнаулы мектептерге оқулықтар, зағип балаларға арналған Брайль оқулықтары және нашар көретін балаларға арналған жазуы үлкен оқулықтар сатып алынатынын атап өткім келеді. Айдын Сайлаубай

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: