Жаңалықтар тізбегі
0

Оқу-ағарту министрі қазақстандықтарды білім күнімен құттықтады

мектеп, оқушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 10:44 Сурет: Zakon.kz
"Бұл күн, әсіресе бірінші сынып оқушылары, олардың аналары мен әкелері үшін көңіл толқытар сәттің бірі болады" деді Асхат Аймағамбетов. Ал Саясат Нұрбек 1-сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарына арман қуып келген 1-курс студенттеріне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

​Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бұл күнді бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке деп атады.

Құрметті әріптестер, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бұл - ерекше эмоцияларды тудыратын мереке, өйткені бәріміз де оқушы болдық және осы күні ұмытылмас мектеп жылдарын еске аламыз. Бұл - бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке. Асхат Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, биыл 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Олар алғашқы әліппелерін қолына алып, білім әлеміне қадам басады.

Бұл - мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн. Өйткені түлектер қорытынды емтихандарға, университеттерге түсуге және өмірдегі жаңа кезеңнің басталуына дайындалады. Ол ыңғайлы болуы үшін былтырдан бері ҰБТ тапсыру рәсіміне бірнеше артықшылық енгізілді. Яғни бұл - ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға және грантқа түсуге 2 мүмкіндік.Оқу-ағарту министрі

Министрдің сөзінше, мемлекет басшысы педагогтер мен оқушыларды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. 2023 жылғы қаңтардан бастап педагогтердің, балабақша тәрбиешілерінің және басқа да білім саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы да 25%-ға өседі.

Балаларға табысты оқу жылы мен зор денсаулық, жаңа білімге, жеңістер мен жаңалықтар ашуға күш-жігер тілеймін! Әріптестеріме шығармашылық табыс, еңбекқор және ынталы оқушылар, амандық пен табыс тілеймін! Баршаңызға Білім күні құтты болсын!Асхат Аймағамбетов

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, үлгерімі төмен балаларға ерекше қолдау, жылы сөздер және олардың жетістікке жететініне сенім қажет екенін түсіну маңызды. Сол себепті биыл президенттің қолдауымен оқушылардың "БИЛ", "Дарын" сияқты мектептерде білім алуы үшін 15% квота енгізілді. Онымен қоса министрлік бірқатар арнайы бағдарламаны қолға алды.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар өздерін барынша жайлы сезініп, мектептерде оқи алуы үшін педагог-ассистенттер санын көбейтіп жатырмыз. Бұл осы бағыттағы кешенді жұмыстардың бір бөлігі ғана. Әріптестерім осы мәселеде мені қолдап, мейірімділікке, жылулыққа, қолдауға және өзіне деген сенімге мұқтаж жандарға түсіністікпен қарайтынына сенемін.Асхат Аймағамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: