Жаңалықтар тізбегі
0

Оқу-ағарту министрі барша қазақстандықты білім күнімен құттықтады

Оқу-ағарту министрі барша қазақстандықты білім күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 09:50 Сурет: primeminister.kz
Министр биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектептерде оқуды бастайтынын, ауылдық жерлердегі білім деңгейін дамытуға да ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білімнің жаңа көкжиегін игеруге, тың ізденістер мен жаһандық мақсаттарға ұмтылған үш миллионнан астам жас өреннің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылмақ". Ғани Бейсембаев

Министрдің айтуынша, биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектептерде оқуды бастайды. Ауылдық жерлердегі білім деңгейін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 1 мың ауыл мектебі қайта жаңғыртылып, пәндік кабинеттер ашылады, кітапханалар мен асханалары, жиһаздары жаңартылады. Алғаш рет ауыл мектептері арасында республикалық олимпиада ұйымдастырылады. Мұның бәрі отандық білім сапасын арттыру, балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып жатыр.

"Айналайын, балдырғандар, бірінші сынып оқушылары! Бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызық әрі маңызды күн. Алғашқы қоңыраудың сылдырымен таңғажайып білім әлеміне саяхатты бастайсыздар. Биыл 382 мың бүлдіршін мектеп табылдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. Ал 11 сыныптағы 188 мың оқушы үшін бұл алтын ұяның қабырғасындағы соңғы жыл. Бүгінгі күннің ата-аналар үшін де маңызы ерекше. Перзентін мектепке дайындап, қобалжитын сәт. Әркім өзінің оқушы болған кездерін сағынышпен еске алатын күн". Оқу-ағарту министрі

Биыл алғаш рет колледж студенті атанған 190 мың жас үшін бұл - үлкен өмірге алғашқы қадам жасайтын шешуші күн. Ғани Бейсембаев "Біздің мұғалімдер үшін бұл күн сүйікті жұмысына оралатын, шәкірттерімен қауышатын күн. Осы айдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 100 мыңға жуық педагогтің жалақысы 30%-ға, ал колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға өседі" деді.

"Қадірлі әріптестер! Жаңа оқу жылы әрқайсыңыз үшін қызықты әрі пайдалы болсын! Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Білім күні құтты болсын!" - деді Ғани Бейсембаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: