Жаңалықтар тізбегі
0

Ғылым министрі Алматыда студенттік жатақхана мәселесін қалай шешетінін айтты

Ғылым және жоғары білім министрлігі, жатақхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 15:03 Сурет: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жалпы студенттердің үштен бірі Алматыда оқитынын, олардың 70 пайызы басқа қалалардан келгенін айт келе, қазір министрлік жаңа жатақханалар салу шараларын қолға алыпжатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Алматының жоғары оқу орындары қазірдің өзінде 100-ден астам хостел мен қонақүйді жалға алған. Хостел иелерін жинап, оларға екі жаққа да тиімді үлгіні ұсындық. Олар ай сайынғы өмір сүру құнын қолайлы бағаға дейін – айына 20-дан 40 мың теңгеге дейін төмендетеді, ал біз оларды жыл бойы студенттермен қамтамыз етеміз. Осылайша, олар өздерінің қаржылық моделін түзейді әрі одан табысты табыс табады. Саясат Нұрбек


Сонымен қатар университеттерге жатақханаларды ықшамдау немесе кейбір ғимараттарды қайта салу тапсырылды. Министр қаладағы ескі бизнес орталықтары мен бос тұрған ғимараттарды да жатақханаға айналдыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бірақ қаладағы жатақхана мәселесін шешу үшін жүйелі шара қажет. Сондықтан келесі жылдан бастап жоғары оқу орындарына қатаң талаптар қоямыз. Егер университет жаңа мамандық ашқысы келсе, белгілі бір студенттер санын тартқысы келсе, онда университет студенттерін 100% жатақханамен қамтамасыз етуі керек. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

Оның айтуынша, әкімдікте қаланы босату үшін үлкен бағдарлама қабылданып жатыр. Мысалы, Сүлейман Демирел университеті сияқты бірнеше жеке университеттер кампустарын қала сыртына көшіріп жатыр.

Сондай-ақ талапкерлердің бір бөлігін Алматыдан басқа жаққа жіберу мақсатында жаңадан құрылған Жетісу өңірінде университеттердің инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы жоспарланған.

Сонымен қатар, келесі жылы Ғылым министрлігі академиялық шеберлік орталығы бағдарламасын іске қосады.

Біз барлық қолдау шараларын, инфрақұрылым мен зертханаларды дамытуды, мықты профессорларды тартуды өңірлік университеттерге бағыттаймыз. Байқасаңыз, қазір өңірлерде шетелдік бөлімшелерді ашу жұмыстары жүріп жатыр. Қыркүйек айының басында мен Петропавлға бардым, онда Аризона университетінің филиалын аштық. Атырауда Ресей мұнай және газ университетінің филиалы ашылды. Келесі жылы елордада Американың ең мықты педагогикалық университеті ашылады. Біз енді бар күш-жігерімізді жастардың өңірлерде сапалы шетелдік білім алуына бағыттаймыз. Саясат Нұрбек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: