Атырауда қыздарға арналған жекеменшік мектеп заңсыз жұмыс істеген

Әкімшілік құқық бұзушылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 19:38 Сурет: Zakon.kz
Жұмыс істеп жатқан оқу орнының не тіркеуі, не рұқсат құжаттары болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау қаласындағы Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі бойынша "Қыздарға арналған Қазақ ұлттық мектебі" ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Мекеме тіркелместен, рұқсат алмастан 2022-2023 оқу жылына 100-ден астам оқушыны қабылдап алған.

Сот қаулысы бойынша аталған ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысанын немесе құралын тәркілеместен 76 575 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: