Петропавлда рұқсатсыз жұмыс істеген екі шетелдік анықталып, жауапқа тартылды

Полиция, Петропавл, СҚО, көші-қон, екі шетелдік  , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 19:29 Сурет: polisia.kz
Петропавлда полиция қызметкерлері қоғамдық тамақтану саласында еңбек етуге тиісті рұқсаты болмаған екі шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының көші-қон қызметі кезекті тексеру кезінде қоғамдық тамақтану орындарының бірінен шетел азаматын анықтады.

"Ол ас үйде де, сауда залында да жұмыс істеген. Алайда оның Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты болмаған. Сондай-ақ аталған нысанда аспаз болып жұмыс істеген оның отандасының да еңбек ету құқығы шектеулі болған. Ол тек жеке тұлғаға жұмысқа орналасуға құқылы екені анықталды. Тексеру нәтижесінде заң талаптарын бұзған шетел азаматтары да, оларды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 236 шетелдік және 593 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 308 шетелдік заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, ал 85 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімі негізінде 52 шетелдік Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.

Полиция шетел азаматтарына Қазақстан аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібін қатаң сақтауды ескертеді. Ал жұмыс берушілер шетел азаматтарын заңнамада белгіленген талаптар мен негіздер болған жағдайда ғана жұмысқа қабылдауы тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: