Ғылым және жоғары білім министрі саладағы өзекті мәселелер туралы айтты
Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Zakon.kz желілік басылымына берген сұхбатында жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі проблемаларға тоқталып, оны шешу мақсатында қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр бүгінгі таңда көптеген реформаға қарамастан, бұл салада біраз жүйелік мәселе шешімін таппай келе жатқанын айта келе, солардың ішінде ең бастысы ретінде "отандық жоғары білім мен ғылым жүйесінің қоғам мен экономиканың нақты қажеттіліктерінен оқшауланып қалғанын" атап өтті.
Біздің университеттеріміз бен ғылыми ұйымдарымыз "өзінше өмір сүріп жатыр", ол еңбек нарығы мен экономиканың сұраныстарымен, қажеттіліктерімен әрдайым тоғыса бермейді. Оның үстіне қазір бүкіл әлем еңбек нарығындағы өте жылдам әрі түбегейлі өзгерістердің куәсі болып отыр. Цифрландыру неғұрлым жылдам дамыған сайын, еңбек нарығы соғұрлым деформацияланады. Кейбір мамандықтар тез ескіріп жатыр, олардың орнына басқа дағдылар мен құзыреттерді қажет ететін жаңасы пайда болады. Сондықтан университеттер жалпы білім беру моделін қайта қарап, жұмыс берушілер талап ететін кадрлардың біліктілігін арттыруға көшуі керек. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек
Ғылым министрлігінің басшысы осы орайда жаңа министрліктің алдында үлкен міндеттер, дұрыс стратегия әзірлеуді талап ететін шешімдер тұрғанын алға тартты.
Біздің ойымызша, бұл стратегия Жаңа Қазақстан идеясымен тікелей үндесетін екі іргелі қағидатқа негізделуі керек.Саясат Нұрбек
Оның сөзінше, бірінші қағида – реформаларға үйлесімді көзқарас.
Шынын айту керек, соңғы жылдары көп уәде берілгенімен, орындалғаны аз. Білім және ғылым саласы жиі "реформаланатын" салалардың біріне айналды. Сондықтан менің мақсатым – қазіргі жүйені түбегейлі реформалау емес, оны нүктелі түрде қайта құру. Менің міндетім – бірнеше нақты, жүйелі мәселелерді шешуге тырысу және тиімділігін дәлелдеген барлық оң бастамалар мен жобаларды жалғастыру. Саясат Нұрбек
Екінші қағида ретінде министр "реформаларға инклюзивті көзқарасты" атады.
Барлық бастамалар министрлік аппаратының қабырғасында емес, "ең төменгі жақтан" шығуы керек. Реформаны жоғарыда жасауды жалғастырсақ, еш өзгеріс болмайды. Сондықтан министрліктің стратегиясын ұжымдық түрде, барлық қатысушылармен тікелей диалог арқылы әзірлеу керек. Өйткені, министрлік тобы – тек аппарат қызметкерлері ғана емес, біздің саланың барлық қызметкерлері мен қатысушылары.Саясат Нұрбек
Бұл ретте Саясат Нұрбек "жаңа министрліктің жұмысы барлық мүдделі тараптармен диалогтан басталғанын" айтты.
Алғашқы айларда барлық дерлік мүдделі топтармен: жас ғалымдар, академиктер, студенттер, профессорлар, университет ректорлары және т.б. кездестік. Осы кездесулер негізінде біз өз саламыздағы түйіткілді мәселелерді анықтап, ең бастысы, министрліктің алдағы іс-әрекетін талқылауға тырыстық. Саясат Нұрбек
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript