Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесі шешілмек

Маңғыстау облысы, үш ауысымды мектеп, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 15:43 Сурет: Zakon.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қараша күні Маңғыстау халқымен кездесуінде облыстық білім беру, денсаулық сақтау саласын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы орайда Президент "қазіргі заманда әр азаматтың және тұтас елдің табысты болуына ілім мен білім мол мүмкіндік беретінін, сондықтан, білім инфрақұрылымын дамыту және оның сапасын арттыру еліміз үшін басты басымдық екенін" айтты.

Ең алдымен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ісінің қолжетімді болуына назар аудару қажет. Маңғыстау облысында балабақша мәселесі толық шешімін таппаған. Мұнда 10 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін толық пайдалану керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

Биыл өңірде 17 жекеменшік балабақша ашылды. Президент осы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.

Президенттің сөзінше, өңірде орта білім беру саласындағы жағдай да мәз емес.

Облыстағы 13 мың оқушыға мектептен орын жетпей жатыр. Апатты жағдайда тұрған, үш ауысыммен оқытатын мектептер бар. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша Маңғыстау аймағында алдағы үш жылдың ішінде 21 мектеп салынады. Бірақ, бұл да жеткіліксіз. Облыс әкімдігі үш жылдың ішінде үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешуге тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы бұл жұмыста бизнестің мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек екенін айтты. Соңғы екі жылда аймақта 19 жекеменшік мектеп ашылған. Облыста қала мен ауыл, Ақтау мен Жаңаөзен мектептері арасында білім сапасы бойынша орасан зор алшақтық бар.

Білім деңгейі әр баланың тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Ал, біз барлық оқушыға бірдей сапалы білім беруіміз керек. Бұл – мемлекеттің міндеті. Мен бұған баса мән беремін. Өңірлердегі мектептерді дамыту керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл ретте Президент Оқу ағарту министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, аймақтардағы мектептердің қызметіне талдау жүргізуді, сондай-ақ, мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеуге қажетті әдістеме дайындауды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: