Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның жаңа тарихынан Ұлттық олимпиада басталды

Ұлттық олимпиада, Елбасы академиясы, Қазақстанның жаңа тарихы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2022 19:20 Сурет: Елбасы академиясы
Жыл сайын білім беру үдерістеріндегі геймификация бағытының әлемдік қоғамдастықта өзектілігі арта түсуде. Сарапшылар пікірінше, бұл тәжірибе оқушылардың белсенділігі мен мотивациясын арттырады, сонымен қатар материалдарды тиімді игеруге ықпал етеді.

Республикада тұңғыш рет Қазақстанның жаңа тарихынан "Тәуелсіздік дәуірі" Ұлттық олимпиадасы ойын түрінде өтуде. Олимпиада геймификацияны қолданған Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз Олимпиада екенін атап өту маңызды.

Олимпиаданың I туры 7 қарашада басталды, ол 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында "Тәуелсіздік дәуірі" ойынының https://kzgame.kz/ сайтында онлайн түрде өтеді. Қатысушылар 1991-2019 жылдар аралығында мемлекетіміздің қалыптасу тарихы бойынша өз білімдерін көрсете алады.

Айта кету керек, "Тәуелсіздік дәуірі" ойыны жастардың қызығушылығын тудырды. Алғашқы екі күнде Олимпиадаға 500-ден астам қатысушы қатысты.

"Маған ойын өте ұнады, әзірлеушілерге алғыс айтамын! Ойынның көмегімен өзімізді президент орнына қойып, бүкіл елді басқару оңай емес екенін түсіндік", – деді олимпиадаға қатысушы Мақсотова Іңкәр.

Олимпиада арқасында балалар стратегиялық ойлау, көшбасшылық қасиеттер, болашақ өмір мен мансапқа көмектесетін күрделі шешімдер қабылдау қабілеті сияқты маңызды дағдыларды дамытады.

Жалпы, "Тәуелсіздік дәуірі" олимпиадасы жас ұрпаққа өз елі үшін жауапкершілікті сезінуге, елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған әрбір қабылданған шешімнің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді. Ойын Қазақстанның жаңа тарихын оқушылар үшін қызықты тақырыпқа айналдырады.

Ұлттық олимпиада, Елбасы академиясы, Қазақстанның жаңа тарихы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2022 19:20

Сурет: Елбасы академиясы

Қатысушылар ойын арқылы мемлекет тарихына шолу жасайды, бұған дейін білгендерін әс-жүзінде қолданады. Олимпиада бірегейлігі оқиғалардың 700-ден астам комбинациясы жасалуында. Осылайша, қатысушылар әр уақытта деңгейлерді жаңа тәсілдермен аяқтай алады. Олимпиадаға қатысу тәжірибесі ҰБТ-ға және Қазақстан тарихы бойынша басқа да емтихандарға дайындық процесіне оң әсер етіп, тестілеуді сәтті тапсыру деңгейін арттырады.

"Білім беруді дамытатын қор ретінде біздің басты міндетіміз – оқушыларға өздері үшін ең жақсы түрде жаңа дүниелерді үйренуге мүмкіндік беретін оқытудың тиімді әдістемелерін жасау. Біздің олимпиада геймификация принципіне негізделген, бұл білім сапасын ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың soft skills дағдысын дамытуға мүмкіндік береді, бұл болашақта нақты өмірде тұрақты табыстарға жетуге ықпал етеді", – деп атап өтті Асланбек Амрин.

ҚР жаңа тарихынан "Тәуелсіздік дәуірі" олимпиадасын жыл сайын өткізу жоспарлануда. Бұған дейін "EL UMITI 2022" жазғы лагерінде балалар бұл ойынды офлайн режимде ойнауға мүмкіндік алған болатын.

2022 жылғы 15 қарашада олимпиада ұйымдастырушысы – Елбасы Академиясының https://elbasyacademy.kz/ сайтында 20 финалисттің есімдері жарияланады, олар Астана қаласында өтетін финалда кездеседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: