Жаңалықтар тізбегі
0

Риддерде қашықтықтан оқуға мәжбүр болған оқушылар мектепке оралады

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 15:56 Сурет: Zakon.kz
Риддердегі төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штабтың мәліметіне сәйкес, 12 қарашада жылу электр орталығындағы жағдай тұрақты. Осыған байланысты қала оқушылары алдағы дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 қарашада жылу электр орталығындағы жағдай тұрақты.Қазіргі уақытта орталықтағы үш орташа және бір жоғары қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Қалаға жіберілген жылу температурасы 63 градус. Мектептер мен балабақшалардың жұмысы туралы мәселе шешілді. Дүйсенбіден бастап білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Риддердегі төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штабқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, 2022 жылдың 24 қазанынан бастап Риддерде орталық жылу жүйесі күні кешеге дейін дұрыс жұмыс істемеген. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Соған байланысты қаладағы мектеп оқушылары 11 қарашаға дейін қашықтан оқуға жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: