"Қазақстан халқына" қоры бағдарламасының аясында үшінші мектеп жарақтандырылды
Сурет: pixabay
"Қазақстан халқына" қорынан Қостанай облысындағы мектепке 250 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабар 24-тің" мәліметінше, қаражат есебінен Сарыкөл ауылындағы білім ұясының материалдық-техникалық базасы нығайды.
32 оқу кабинеті, шеберханалар жабдықталып, жаңадан арт және телестудия кабинеттері ашылды. Мұғалімдер құрамы да біліктілікті тегін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Арнайы оқу бағдарламасы келер жылдың ақпан айына дейін созылады. Жалпы биыл аймақта 77 ауыл мектебіне жөндеу жүргізілген. Материалдық базаны жаңғыртуға екі миллиард теңге жұмсалды.
Урицкий орта мектебі "Қазақстан халқына" қоры бағдарламасының аясында жарақтандырылған үшінші мектеп боп табылады. Осыған дейін біз Павлодар, Ақмола облыстарында осындай ауылдық тірек мектептерді толығымен жарақтандырған болғанбыз. "Қазақстан халқына" қорының өкілі Диас Бейсенбек
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript