Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда оқушылар азынаған суық мектептеріне орала алмай отыр

Жылу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 00:22 Сурет: pixabay
Теміртаудағы мектеп оқушылары 3-тоқсан басталғалы қашықтан оқып жатыр. Осыған дейін күннің суықтығы себеп болса, бүгін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мектепке кіргізуге тыйым салған. Өйткені жарты ай бойы бос тұрған мектептер тіпті азынап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Терезелдерді өз күшімізбен бітедік. Саңылауларға целлофон пленкаларды жапсырдық. Сонда да ғимаратта 6 градус қана жылы. Мұны біз емес, әкімдік, мемлекет, ойлауы керек қой. Балалар келгеннің өзінде қалай отырады мына жерде? Оқушылар онсыз да жылу маусымы басталғалы бері қалың киіммен отыр. Бұл оқу процесіне кедергі келтіреді, бірақ амалымыз жоқ". Марина Грибанова, мұғалім

КТК телеарнасының хабарына қарағанда, Теміртауда орталық жылу жүйесіне қосылған 23 мектепте бүгін бала жоқ. Олардың бәрінде талап бойынша болуға тиіс жылу көрсеткіші 17 градусқа жетпеген. Ал қалаға жылу беретін №2  жылу электр орталығы "Арселор Миттал" компаниясының меншігінде.

Олардың сөзінше, орталықтағы 6 қазандықтың тозығы жеткен. Ал жаңа жетінші қазандықтың құрылысы күзде ғана аяқталады. 

"Арселор Миттал" басшылығы қазір жылу беру тұрақтанады деп уәде беріп отыр. Кешке жақын тағы да тексереміз. Температурасы нормаға сәйкес келсе, ертең біз оқушыларды қайтадан оқуға жібереміз. Келмесе, біз облыс басшылығымен біз арнайы шешімге келеміз, ата-аналарға осы ақпаратты жеткіземіз.Самат Зияшев, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: