Елімізде оқушылардың соңғы қоңырау күні 1 маусымға ауыстырылды
Сурет: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі соңғы қоңырау күні кейінге шегерілгенін мәлімдеді. 2023 жылдан бастап 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды Zakn.kz.
Бұл жаңалықты Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті.
"Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні 1 қыркүйек болып саналады, ал енді биылдан бастап оқу жылының соңғы күні ол 31 мамыр күні болады. 31 мамыр – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым жазғы каникулдардың алғашқы күні болып саналады. Сонымен бірге бұл күні Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі". Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова
Депутат мектептердегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды сұрады
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript