Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМДБ: Балаларға арналған қайырымдылық мекемелерінде діни дәрістерге тыйым салынған

Әлеуметтік желі Сурет: pexels
БАҚ пен әлеуметтік желідегі хабарламада қайырымдылық мекемелерінде діни дәрістер берілгені анықталуда. Мұндай әрекет, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, екі жақты келісімге қайшы, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылы қазан айында "Жібек Жолы" қайырымдылық мекемелер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің өтінішіне сәйкес екі жақты өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық туралы келісім жасаған болатын. Келісім аясында "Жібек Жолы" қайырымдылық мекемелер қауымдастығына қарасты қайырымдылық мекемелеріндегі тәрбиеленушілер Діни басқармаға қарасты мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарына қатысуға, имандылық тәрбие алуға уағдаласты. Келісім бойынша аталған қауымдастыққа қарасты мекемелерде діни дәрістер мен діни насихат жұмыстарына рұқсат берілген жоқ. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі хабарламада қайырымдылық мекемелерінде діни дәрістер берілгені анықталуда. Мұндай әрекет екіжақты келісімге қайшы. Келісімді жүзеге асыру барысында тараптардың бірі талаптарды өрескел бұзатын болса, абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін жағдайда келісім мерзімінен бұрын біржақты тоқтатылады", делінген ҚМДБ хабарламасында.

Осыған орай, Діни басқарма "Жібек Жолы" қайырымдылық мекемелер қауымдастығымен жасалған келісімді тоқтатқанын мәлімдейді.

Айта кетсек, Алматы қалалық полиция департаменті балалар пансионатының атын жамылып жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелерін кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі және басқа да қылмыстарды жасады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр. Пансионаттарда тұратын кәмелетке толмағандар жүйелі түрде діни жоралғылар мен ұжымдық дұғаларға тартылғаны, көнбегендерді тамақ, судан айырғаны, кей жағдайда физикалық күш қолданылғаны, тінтулер кезінде шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдары табылғаны да айтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: