Қазақстанда ЖОО-да оқуға грант беру ережесіне өзгеріс енгізілді
Сурет: unsplash
Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен бакалавриат немесе магистратура дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын бөлу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен гранттарды тағайындау қағидасына толықтыру енгізілді. Бұл өзгеріс енді арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, әскери қызметшілердің, қайтыс болған немесе қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақаты (жарақат, контузия) салдарынан мүгедектігі бар деп танылғандардың балаларын (асырап алынған, қамқорлыққа алынған, бірге тұратын өгей ұл мен қыздарды қоса алғанда) жоғары білім алуға конкурстан тыс өткізуді көздейді.
Сонымен қатар қазір ауыл жастары арасынан Қазақстан азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламалары бойынша конкурс былай өткізілетіні айтылады:
Осы білім беру бағдарламалары топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен, ал қалған 35%-ға гранттар бойынша тек ауыл жастары үшін конкурс өткізіледі.
Бұрын үлестіру 70%-дан 30%-ға дейін еді.
Қаулы 2023 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript