Жаңалықтар тізбегі
0

Білім басқармасының басшысы шымкенттік оқушының не үшін өз-өзіне қол салғанын айтты

Суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 20:30 Сурет: pexels
Шымкентте бір жылда 7 оқушы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Аталған мәселеге қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева брифингте арнайы тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте 2022 жылы мектеп жасындағы 8 бала өз-өзіне қол салып, 7-еуі қайтыс болған. Бұл бір жыл алдынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 балаға артық. Мегаполистің бас ұстазы Жанат Тәжиеваның айтуынша олардың басым бөлігі отбасындағы жағдайға байланысты осындай қадамға барады. Сондықтан ол ата-аналар баласымен үнемі жақынырақ сөйлессе екен деп тілек білдірді, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Көбінде ата-аналардың талабын көтере алмау. Мысалы үшін бір бала әкесі ұялы телефонын алып қойғаны үшін өзіне қол салған. Яғни, әкесі сабақ оқуын талап еткен. Біз бұрынғы жағдайды айта береміз, "біздің кезімізде осындай болға"» деп. Қазіргі жастарға жаңалық көп екенін түсінсе екен. Балаларымен көбірек тіл табысып, өздеріне жақын тартып сырлас болатын заман келген сияқты. Осы бағытта Білім және Ғылым министрлігінің тарапынан арнайы "Бала қорғау" кюар кодтары шығып, интернет желісінде ата-аналарға, балаларға тегін кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды".Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева

Сондай-ақ өткен жылы үшінші мегаполисте 18 жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсетудің 30 жағдайы тіркелді. Ал оның екеуі қалалық білім басқармасына қарасты мекемелерден анықталған. Жанат Тәжиева бұл жағдай бойынша қылмыстық іс ашылып, тиісті жұмыстар атқарылғанын айтты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: