Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы төбелеген

балабақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 23:10 Сурет: видео скрині
Алматыда элиталық балабақшаның тәрбиешісі баланы ұрып-соққан. Бұл туралы әлеуметтік желіде бүлдіршіннің анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сөзіне дәлел ретінде бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазбаны ұсынған.

Онда шамамен 5-6 жастағы ұлды тәрбиешінің төсекке күштеп жатқызғаны, онан кейін жұлқылап басқа бөлмеге алып кеткені көрінеді.

Баланың қатты жылағанын да анық естуге болады. Анасы осы оқиғаны басқа ата-аналарға ескерту болсын деген ниетпен жариялағанын айтқан. Бұл жағдайға қатысты Оқу-ағарту министрлігі әзірше ресми жауап бермеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: