Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрі болған Асхат Аймағамбетов қазір қайда жүр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2023 11:48 Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл лауазымда шамамен 4 жыл қызмет атқарды. Дегенмен оның қандай қызметке барғаны көпшілік үшін беймәлім. Бұл сауалға экс-министр өзі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-министр Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұқбатында қызметінен босаған соң отбасылық міндеттерін орындауға уақыт табылып, бала-шағасы мәз-мәйрам болып қуанғанын айтады.

"Қазір мен үйдемін. Қолым бос. Балаларды балабақшаға, мектепке апару, одан кейін алып кету деген бар. Жұмысымнан босаған бірінші күні кешке балабақшадан баламды алып кетуге бардым. Апайы балама: "Әкең келді, тез шыға ғой", - деді. Мен мына жақтан естіп тұрмын: "Жоқ, әкем емес, анам шығар" деп баламның өзі сенбей жатыр. Үйде жиналып қалған біршама тұрмыстық шаруалар бар екен. Одан кейін кітап оқуға уақыт пайда болды. Үйде зейнеттегі анам бар. Үлкен кісілер тыстағы баласы үшін уайымдап, тақымын қысып отырады ғой. Балаларыммен бірге ол кісі де арқасын кеңге салып қуанып қалды, жұмыстан босағанымда", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Дегенмен ол жақында Астанадағы ірі әрі сапалы білім беретін университеттен өзіне ұсыныс келіп түскенін жеткізді.


"Тәжірибеңіз бар, соны біздің студенттермен бөліссеңіз", - деді маған. Педагогпын әрі бұл сала маған жақын болғандықтан оқытушы ретінде студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабыл алдым. Сөйтіп қазір құжаттарымды дайындап жатырмын. Әрине, басқа да түрлі ұсыныстар бар, оны мен жасырмаймын. Негізі, ағартушылық, балаларға білім беру дегенді қайда жүрсең де бірге алып жүрге болады. Қандай қызметке барсам да бірге алып жүретін жұмыс. Сондықтан қарапайым оқытушы ретінде өз тәжірибемді өскелең ұрпақпен бөлісуді жөн көріп отырмын. Біраз жыл мұғалім болып жұмыс істегендіктен бұл әрқашан жүрегіме жылы, жақын болып тұрады".Асхат Аймағамбетов

Айта кетсек, Асхат Аймағамбетовтың басшылығы кезінде "Әліппе" қайтарылды. Балабақшалар мен 1-сыныптан орыс тілі мен ағылышын тілі алынып тасталды. Мектептерге "Әлем әдебиеті" пәні енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: