Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады – Асхат Аймағамбетов жауап берді

Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады? , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 10:04 Сурет: Zakon.kz
Бұрынғы Білім және ғылым министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетов грантқа түспеген, бірақ әлі мүмкіндігі бар талапкерлердің негізгі сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, ҰБТ-да жоғары балл жинаған және бөлу кезінде грант алмаған түлектер оларды әлі де басқа "көздерден" ала алады. Бұл туралы бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтқан болатын.

Осыған байланысты талапкерлер Асхат Аймағамбетовке жеке парақшасында қосымша сұрақтарын қойды. Ол жауаптарын Telegram-арнасында жариялады.

Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үйлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады.

Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Үшіншіден, "Қазақстан халқына" қорының гранттары тағы бар.

Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады.

Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады.

Алтыншы, "gap year" арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім.

Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады.

"Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек." Асхат Аймағамбетов

2024 жылғы 3 тамызда Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік гранттарды тағайындау қорытындысын жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: