Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мектепке кіріп-шығушыларға қатысты бақылау күшейтіледі

Нұсқаулық, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 20:16 Сурет: Zakon.kz
Еліміздің барлық мектебінде балалар қауіпсіздігі бойынша тексеру жүргізіледі. Әзірше, білім беру нысандарына кіріп-шыққандарға бақылау күшейтіледі. Петропавлдағы №4 мектепте оқушының шабуылына байланысты өткізілген шұғыл кеңесте осындай нұсқаулық берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова аталған факті бойынша тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады.

"Бүгінде бұл білім беру ұйымында нұсқаулықтың толық сақталмауы, лицензияланған күзеттің, турникеттердің болмауы, мектептің ішкі ережелеріне сәйкес есіктен кіріп-шығару тәртіптерінің сақталмауы, жауапты қызметкерлердің білім беру ұйымына енгізуге тыйым салынған заттарды анықтау бойынша жеткілікті деңгейде жұмыс жасамағаны анықталып отыр. Сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара байланыс болмаған". Насымжан Оспанова

Оның айтуынша, келесі аптадан бастап бір ай ішінде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, ата-аналардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесі бойынша бүкіл елімізде тексеру жүргізілетін болады.

Білім министрі Ғани Бейсембаев оның қашан өткізілетінін де атап өтті. Оның айтуынша, тексерулер 20 ақпан мен 17 наурыз аралығында өтеді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы 20 наурызға дейін жариялануы тиіс.


"Жергілікті атқарушы органдарға, білім беру ұйымдарында турникеттермен, дабыл түймесімен, лицензияланған күзетпен, бейнекамералармен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын. Білім беру объектілерінің кіру тобына бақылау күшейтілсін .Орта білім комитетіне оқушылар үшін арнайы қауіпсіздік сабақтарының циклін әзірлесін. Жергілікті өңірде полиция департаменттері ТЖД-мен бірлесіп осы сабақтарды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын". Ғани Бейсембаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: