Еліміздегі мектептерде білім беру қызметінің сапасы тексеріледі

Школьники, ученики, школа, школы, частная школа, частные школы, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 10:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
3 мыңнан астам қазақстандық мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ведомствоның Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін 3025 білім беру ұйымын айқындады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 1170 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация жүргізді.

Өткен жылы Комитет пен оның аумақтық департаменттері 2487 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді, оның ішінде:

  • мемлекеттік аттестаттау,
  • профилактикалық бақылау,
  • шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.
"Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеуі фактілері анықталды", – деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Министрлік бақылау іс-шараларын жүргізу білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын, оның ішінде педагогтердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Бұған дейін Семей қаласының барлық мектеп оқушылары 24 қыркүйекте қашықтан оқитындығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: