Жаңалықтар тізбегі
0

Екі жаңа колледж, екі жазғы лагерь: Алматыдағы білім саласын қандай жаңалық күтіп тұр

студент, колледж, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 16:40 Сурет: pexels
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Алматы әкімі Ерболат Досаев білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігі мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2029 жылға дейін балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты 35 мың орынға ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Жайлы мектеп" жобасы аясында 2023 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен 37 мың оқушыға арналған 22 мектептің құрылысын бастау жоспарланды. Орта білім беру ұйымдарына тағы 30 мектеп пен 9 қосымша құрылыс салу 2025 жылға дейін орын тапшылығын 23 мыңға азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге 50 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 200-ге жуық мектепке заманауи пән кабинеттері мен интерактив тақталар алынады. Жыл сайын екі мыңға жуық педагог білігін арттыру курстарынан өтеді. Сонымен қатар биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың алғашқы аймақтық ресурс орталығы құрылады.

"Алматының 18 мыңға жуық педагогы білікті арттыру курстарынан өтеді, мектептердің басшылық құрамының 450 өкілі халықаралық менеджмент бағдарламаларын оқиды, тағы 9 мың педагог функционалды сауаттылықты, цифрлық құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру бағдарламалары бойынша оқытылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтамасыз ету үшін колледждерде мемлекеттік тапсырысты 20 мыңнан астам орынға көбейту жоспарланып отыр". Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қолжетімділігі мен сапасын арттыру әрқашан маңызды. Осыған орай 2025 жылға дейін 300 орындық жатақханасы бар екі жаңа колледж құрылысын бастау жоспарланып отыр. Екі колледжде 600 орындық студенттік жатақхана салынады. 4 мыңға жуық Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары білікті арттыру курстарынан, ал 600 арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері халықаралық тағылымдамадан өтеді. Сонымен бірге 85 колледждің басшылық құрамы менеджмент бағыты бойынша білігін арттырады. Бірқатар іс-шара инклюзив білім беруді дамытуға бағытталған.

Жоспар бойынша, ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін кеңейту, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырыс 1 400 орынға арттып, қалалық инклюзивті ресурстар орталығы құрылады.

Төрт инновациялық шығармашылық орталық, екі жазғы лагерь салу, қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру мен мектеп кітапханаларын жаңғырту жоспарланған.

Сонымен қатар Жол картасы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, балалардың құқықтарын қорғау, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтиды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: