Министрлік жемқорлықтан тәркіленген ақшаға салынатын 70 мектептің тізімін дайындап қойыпты

Оқу-ағарту министрлігі сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген ақшаға салынатын 70 мектептің тізімін дайындап қойыпты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл - елдегі мектеп тапшылығын жоюға бағытталған шараның бірі. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, жаңа мектептер әр өңірде салынады.
"Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажет құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады". Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев
Бұған дейін Қаржы министрлігің сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген 120 миллиард теңге білім беруді қолдау қорына түскенін хабарлаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript