Министрлік: Банкрот болсам, қарызым кешіріледі деген - қате түсінік

Қарыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 23:54 Сурет: pixabay
Банкрот болғанның қарызы кешірілмейді. Қаржы министрлігі Сенаттағы дөңгелек үстелде жеке тұлғалардың банкроттық жариялау процесін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Борышкер 5 жылға дейін несие рәсімдей алмайды. Жеке тұлғаның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. 

"Соттың шешіміне сәйкес, банкрот болған борышкердің міндетін өтеу мерзімі өткен деп саналады. Кредиторлар борышкерден қарызын өтеуін талап ете алмайды. Борышкерге айыппұл салу және сыйақы есептеу автоматты түрде тоқтатылады. Әрине, банкрот болған борышкерге несие алу, кепіл қою және өздігінен мәміле жасауға тыйым салынады". Ержан Біржанов, ҚР қаржы вице-министрі:

Министрлік өкілінің сөзінше, атаулы әлеуметтік көмек алатындар да өздерін банкрот деп жариялай алады. Дегенмен депутаттар мұнымен келіспей отыр.

Айта кетейік, 7 миллионнан астам отандасымыздың берешегі бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: