Алматыда оқушы министрге музыка класының тар екенін айтып, шағымданды
Сурет: Zakon.kz
Алматылық оқушы Мәдениет және спорт министрінен Күләш Байсейітова атындағы мектеп-интернаттағы студияны кеңейтуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
5-сынып оқушысы Ассамад Әуелбек министрге музыка аспаптары кабинетінің тар екенін айтып, кеңірек студия беруді сұрады.
Асхат Оралов бұл мәселені өз бақылауына алатынын атап өтіп, биыл мектепке жаңа музыка аспаптарын сатып алуға және білім беру мекемесінің басқа да қажетіне қосымша 250 миллионнан астам қаражат бөлінетінін айтты.
Сонымен қатар мектепте бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Бұған дейін ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыда мектеп автобустарының қауіпсіздігін тексерді. Биыл 7,7 мың балаға арналған "Мектеп автобусы" пилот жобасы іске қосылды. Автобус бағыттары мүмкіндігінше көп оқушыны мектепке дейін тасымалдау үшін жасалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript