БҚО-да кәсіпорын басшысы 150 млн теңгенің салығынан жалтарды
![БҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 17:18](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-25c05a0d-ed76-4e9d-8836-c7180651be17/800x451.webp)
Б.Өтегенов сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару дерегі бойынша «Компания Бурлингазстрой» ЖШС-не қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшысы Б.Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізген, осылайша 157 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Б.Өтегенов сотталды, сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript