Атырау облысында кәсіпорын 700 млн теңге салықтан жалтарды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 18:42 zakon.kz
Салық бюджетке қайтарылды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті нақты жұмыстар орындалмай және қызметтер көрсетілмей шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, облыс кәсіпорындарының бірінің басшысы 2015-2019 жылдар кезеңінде 700 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Аталған факт салықтық тексеру материалдарымен расталған.

Қазіргі таңда салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, мемлекетке келтірілген залал өтелді.

Құрметті азаматтар! Егер сізге салық төлеуден жалтару фактілері мәлім болса, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне: 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне: 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: