Шымкентік кәсіпкер 650 млн теңге салықтан жалтарды

Салық үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 17:20 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Cалық жарналарын төлеуден жалтарып жүрген жосықсыз кәсіпкерлер де бар.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті азамат А.Сазоновтың бюджетке салық төлемеу дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

А.Сазонов «Nuclear Engineering» ЖШС басшысы бола тұра, 2017-2019 жылдар аралығында салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген.

Сонымен бірге, ол салық салудың басқа объектілерін жасырып, қайта тіркеуі сот жарамсыз деп таныған 11 компаниямен өзара есеп айырысу туралы жалған шот-фактураларды пайдаланды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Нәтижесінде мемлекетке 657 миллион теңгеден астам мөлшерде төленбеген салықтар түрінде залал келтірілді.

А.Сазонов сотталды, сондай-ақ, одан залал сомасы өндірілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: