ШҚО-да 20 миллион теңге берешегі бар борышкерлер анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 12:23 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының көші-қон қызметі бөлімдеріне қарыздарын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздеуге бағытталған жекеменшік сот орындаушыларынан қаулылар келіп түсуін жалғастыруда.

Мәселен, іздестіру шаралары барысында Өскемен қалалық ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері Үлкен Нарын аумағында ауыл шаруашылығы өнімін өткізбей қойғаны үшін шаруа қожалығына 1 млн 800 мың теңгеден астам берешек болған борышкерді анықтады.

"Жыл басынан бері ШҚО ПД көші-қон қызметі бөлімдері 16 борышкердің мекенжайын анықтады. Жалпы берешек сомасы 20 миллион теңгеден асты", – деді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі сот актілерін орындау – әрбір азаматтың міндеті екенін ескертеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда әкімшілік те, қылмыстық жауапкершілікке де тартылу қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: