ШҚО-да бір тәулік ішінде 5 борышкер анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 12:40 Сурет: ҚР ІІМ
Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне әкімшілік айыппұл төлемеген және мемлекетке 200 мың теңгеден астам қарыз бар борышкерлерді іздестіруге жариялау туралы жеке сот орындаушыларының қаулылары келіп түскен.

Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде борышкерлердің орналасқан жерін анықтады.

Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады.

Жыл басынан бері ШҚО полиция департаменті бір тәулік ішінде 35-тен астам борышкерді анықтады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік және ҚР ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: