Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы көлік алаяқтығын басып, абақтыға қамалды

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы көлік алаяқтығын басып, абақтыға қамалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 10:23 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-і басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талас ауданының прокуратурасы "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады.

Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған.

"Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған." Жамбыл облысының прокуратурасы

Қылмыстық іс, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен тергелді.

Іс шеңберінде прокуратурамен құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен "Таза-Талас" мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: