Таразда шенеунік пен кәсіпкер сегіз жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: freepik
Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараз қаласының прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырлғанын анықтады.
"Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З. Тұрсынұлы және "АлматыМонтажСтрой" ЖШС директорының орынбасары Е. Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған." Жамбыл облысының прокуратурасы
Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру облыстық прокуратурамен жүргізілді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Тараз қалалық №2 сотының 05.02.2024 жылғы үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript