Жетісу облысындағы кәсіпорынның бұрынғы директоры көмірге бөлінген 100 миллион теңгені ұрлап кеткен
Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
"Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған." Жетісу облысының прокуратурасы
Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript