Жаңалықтар тізбегі
0

Шағын және микробизнестің пікіріне құлақ түруіміз керек – Райымбек Баталов

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2022 13:30 Сурет: atameken.kz
«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Ақтөбе агломерациясының кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Атамекен» ҰКП баспасөз қызметінің хабарлауынша, Райымбек Баталовтың жұмыс сапары Ақтөбе облысынан басталды. Палата басшысы таяу уақытта Қазақстанның негізгі агломерацияларының, шағын және микробизнестің, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің қиындықтарымен танысуды жоспарлап отыр. 

Ақтөбедегі алғашқы кездесуге жүзден аса кәсіпкер жиналды. Ритейл, өндірістік және сервистік компаниялардың өкілдері жергілікті кәсіпкерлер үшін өзекті мәселе шағын шаруа қожалықтары, шағын және микробизнес үшін нақты қолдау бағдарламаларының жоқтығы деп санайды.

«Біздің нақты міндеттерімізді ескеретін шағын-микробизнесті қолдау бағдарламалары жоқ. Көбісі айтады, бірақ ешкім ештеңе істемейді», – дейді кәсіпкерлер.

ҰКП өкілдері кәсіпкерлердің пікірімен келіседі.  Ұлттық палата мемлекеттік қолдау шараларын талдады. Сонда олардың көпшілігі орта және ірі бизнес субъектілеріне арналғаны анықталды. Ел кәсіпкерлерінің басым бөлігі – шағын және микробизнес өкілдері.  Ал кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары оларға бағытталмаған.

Әкімдіктермен бірлесіп, бағдарламаларды микро және шағын бизнеске пайдалы болуы үшін қалай трансформациялау керегін білеміз. Әрбір өңірдегі бизнестің проблемалары мен қажеттіліктері үнемі өзекті мәселе болуы тиіс. Бүгін, ең бастысы, шағын және микробизнестің қажетін естуіміз керек. Райымбек Баталов

Кездесуде жер телімдеріне қолжетімділік, ауыл шаруашылығы техникасының қымбаттауы, субсидиялау және мамандардың жетіспеушілігіне қатысты мәселелер көтерілді. Басты проблемалардың бірі – СТ-KZ ұлттық өндірушінің сертификаттарын беру. Бизнес иелері «Атамекеннің» өңірлік өкілдігіне сертификат алудың күрделі механизмі және ештеңе өндірмей құжатты алып жатқан, ісін адал жүргізбейтін кәсіпкерлерге бірнеше рет шағымданған.

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2022 13:30

Сурет: «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі

«Ісін адал жүргізбейтін бірнеше кәсіпкердің кесірінен қалған бизнес зардап шекпеуі тиіс. Жақын арада механизмді оңайлату керек. Мұнымен  келісемін», – деді ҰКП басшысы.

 Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында жергілікті шағын және орта бизнестің мүддесін сақтау мәселесі, білім беру секторында бизнесті дамыту проблемалары талқыланды.

Райымбек Баталов кездесуді қорытындылай келе, «Атамекен» ҰКП қызметінің басты бағыты шағын және микробизнесті қолдауға бағытталғанын және Палата пікірталас барысында көтерілген барлық мәселені міндетті түрде шешетінін тағы да атап өтті.

Әрі қарай «Атамекен» ҰКП басшысы өңірдегі фермерлік қожалықтарды аралады. Мәртөк ауылындағы шаруалармен кездесті. Жақын аудандардан 60 фермер жиналды. Өзекті мәселелердің бірі – шағын шаруа қожалықтары үшін субсидиялардың қолжетімсіздігі айтылды.

Қазір субсидиялар негізінен ірі шаруашылықтарға кетеді. «Атамекен» бұл олқылықты жойғысы келеді. Мәселені шешу үшін механизмді өзгертіп қана қоймай, әрбір ауданда жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты шаруашылықты дамыту бағдарламасын әзірлеу маңызды. Райымбек Баталов

Кәсіпкерлер жерге мораторийдің жұмысқа қалай кедергі келтіретіні, жосықсыз кәсіпкерлер игермеген жерлерді айналымға қайтару қажеттілігі және Qoldau жүйесінің сапасыз жұмысы туралы айтты. Ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселелері де шешуді талап етеді. «ҚазАгро» оны нарықтағыдан едәуір жоғары бағамен сатады, ал техниканы шетелден әкелуге кәдеге жарату алымы кедергі келтіреді.  

Райымбек Баталов жақын арада «Атамекен» ҰКП алаңында фермерлер мен ауыл шаруашылығы министрі арасында ашық пікірталас өткізуді, сондай-ақ бүгінгі кездесулерде айтылған мәселелерді премьер-министрмен талқылауды және оларды толық шешкенге дейін назарда ұстайтынын жеткізді.    

Келесі аптада «Атамекен» ҰКП басшылығы Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы және оңтүстік өңір  агломерацияларының бизнесмендерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: