Жаңалықтар тізбегі
0

Райымбек Баталов: АЭС құрылысы бизнестің дамуына зор серпін береді

АЭС құрылысы бизнестің дамуына зор серпін береді – Райымбек Баталов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2024 15:58 Сурет: "Атамекен" ҰКП
"Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталов Қазақстанда атом электр станциясын салу идеясына қатысты мәлімдеме жасады.

Төменде "Атамекен" ҰКП сайтында жарияланған мәлімдеменің мәтіні берілген.

Біздің алдымызда еліміздің одан әрі экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының векторын айқындайтын маңызды. Референдум қарсаңында еліміздің бірнеше өңірлерінде қоғамдық тыңдаулар өтті. Мамандар бұл тақырыпты қызу талқылап, түрлі пікірлерін білдіруде. Олардың көпшілігі Қазақстанның бейбіт атом энергиясынан қуат алатын алпауыт ел болғанын қалайды.

Ел болашағын айқындайтын жауапты шешімнен Ұлттық палата да шет қалмады. Біз әлемдік тәжірибеге, осы саладағы ғалымдар мен мамандардың – сала мамандарының дәлелдеріне сүйенеміз.

Өздеріңіз білесіздер, "Атамекен" сарапшылары түрлі алаңдарда өз ұстанымдарын дәлелдеп келеді. Ұлттық палата Үкіметтің бұл бастамасын толығымен қолдайды. Атом электр станциясының құрылысы отандық бизнестің дамуына қуатты серпін беретініне нық сеніммен айта аламыз.

Мен бірнеше маңызды аспектілерді қысқаша атап өтейін.

Біріншіден, АЭС тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады. Бұл бизнесті дамытуға керемет мүмкіндік. Әсіресе, тау-кен және металлургия, машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және басқа да көптеген энергияны қажет ететін салалар үшін маңызды.

Жалпы, шағын және орта бизнес көміртекті бейтараптықты табысты іске асыру үшін электр энергиясын жеткізуді қажет етеді. Елімізге барлық шикізаттық емес салаларды әртараптандыру қажет. Бірінші кезекте – бұл жаңартылатын энергетика және атом энергетикасы үшін таза энергияның базалық генерациясына айналуы мүмкін. Аталмыш саланы қолға алу – біздің экспорттық өнімді сатуға арналған көміртегі салығын азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, АЭС салу және пайдалану ілеспелі салалардың дамуын ынталандыратын озық технологияларды, соның ішінде ІТ және инновациялық шешімдерді енгізуді талап етеді. Соңғы екі жылда біздің мамандар Түркия және басқа да өңірлерге барып, шағын, орта және ірі бизнестің жаңа технологиялармен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп келді.

Үшінші маңызды аспект – жұмыс орындарын құру және адами ресурстарды дамытуға байланысты. Осы тұрғыда білім беру мәселесін де айта кеткен жөн. Жоғары технологияларды меңгеру шағын, орта және ірі бизнестің дамуына сөзсіз серпін береді.

Жалпы, біз бұл шешімді қолдаймыз және экономикамыздың дамуына елеулі мультипликативтік әсер беретініне сенімдіміз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: