Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша тендер жеңімпазы қашан жариялануы мүмкін

АЭС, Қазақстан, тендер, жеңімпаз , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 21:53 Сурет: pixabay
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу үшін консорциум қашан құрылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмасадам Сәтқалиев оның мерзімі белгіленіп қойғанын атап өтті.

"2025 жылдың бірінші жартыжылдығында біз бірінші атом электр станциясын салу бойынша конфигурацияны жариялауды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Министр бұған дейін станцияның құрылысы мен жұмысына қатысты 19 бөлім бойынша 207 сұрақтың тізімі жасалғанын айтты. Әрі қарай, оның айтуынша, құжаттар барлық әлеуетті вендорларға жолданды. 

"Өткен аптада тендерлік процестің барлық қатысушысына жолданған сұрақтарға жауап алынды. Талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала біз тиісті ведомствоаралық комиссияда ұсынылған материалды қарастырдық. Фавориттер туралы айтуға әлі ерте. Жеңімпаз бойынша шешім белгіленген мерзімде, бәлкім одан да ертерек қабылданады", – деп сөзін түйіндеді Энергетика министрі.

Бұған дейін Энергетика министрлігіндегі алқалы жиын барысында Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылдың желтоқсанында Үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданы – атом электр станциясын салатын аумақ ретінде бекіткенін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: