Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда электр энергиясына тарифтер қашан өседі

Электр энергиясы, Энергетика министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 17:00 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет кулуарында электр энергиясына тарифтер қашан өсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмасадам Сәтқалиев салада күрделі жағдай қалыптасқанын, ауқымды инвестициялар қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, проблемаларды шешу үшін тарифтерді жыл сайын кемінде 15%-ға арттыру керек.

"Сөз қысқы кезеңге сапалы дайындық турасында болып отыр. Біз қысқы маусымда дайындықты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін биылғы жылы кем дегенде екі мәселені шешуге тиіспіз – тарифтерді көтеру және осы кәсіпорындарда жинақталған қомақты қарыздарды қайтару. Олардың ресурсы жоқ, жанармай жинауға, жөндеуге мүмкіндігі жоқ. Ал энергетикалық жабдық күрделі, алдын-ала тапсырыс беру керек, жөндеуді қамтамасыз ету керек, мерзім қысқа. Осыған байланысты жақын арада тарифтер де өседі деп ойлаймын. Ең алдымен, энергия өндіруші ұйымдардан бастаймыз: бұл ЖЭО және МАЭС", – деді министр.

Оның айтуынша, биліктің тиісті өтінімдері қаралып, жақын арада тарифтер көтеріледі.

"Біртіндеп өседі, біз өтінімдерді алғанда, сіздер де жарнаманы көресіздер, өсу деңгейі анық болады. Әр кәсіпорын үшін әр түрлі болады: тозығы жеткен жерге көп қаражат қажет екені анық. Тозығы аз жерде тариф те азғантай өседі. Біз мұны бақылауда ұстаймыз", – деді Алмасадам Сәтқалиев.

"Электр энегриясына тарифтер шамамен қай кезде өседі?" деген журналистердің сұрағына: "Бұл электр және жылу станциялары және бұл бір айдың ішінде болады", – деп жауап берді министер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: