Қостанайда 160 шетелдік компания көші-қон заңын бұзған

Көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 22:56 Сурет: freepik
Қостанайдағы 160 шетелдік компания жабылуы мүмкін. Облыстық прокуратура Ресей, Украина, Беларусь азаматтары құрған кәсіпкерлік нысандарда  көші-қон заңының бұзылғанын  анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң бойынша шетел азаматтары Қазақстанда «Бизнес иммигрант» визасымен  кәсіп аша алады. Бірақ  Қостанайдағы құрылтайшылардың қолында тиісті құжаттар болмаған. Шетелдіктер елімізге  туристік және еңбек ету мақсатында келгенін көрсеткен.

Ал, шын мәнінде,  олар  астық экспортымен  айналысқан көрінеді. «Қара тізімге»  ілінген  компаниялардың заңсыз тіркелгені дәлелденсе,  қомақты айыппұл салынады. Тіпті олармен бірлесіп жұмыс істеген  отандық фирмалар да миллиондаған шығынға ұшырауы мүмкін, делінеді Астана телеарнасының ақпаратында.

Сотта тек екі арыз жатыр. Біреуі Түркия компаниясы, біреуі Ауғанстан. Олар экспортқа  шығаратындар. Қалғандарын әлі сотқа берген жоқ. Сондықтан олар әлі бізге  келген жоқ кәсіпкерлер арыздарымен.  Судьялар да түсініп отыр. Қаншама контрагенттер сосын ақша  шығындалады. Салық бар. Сондықтан олар әлі шешім шығарған жоқ. Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: